jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сот процесі қайта басталды

    Қайрат Боранбаев
    Қайрат Боранбаев. Фото: instagram.com/kairat4

    Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты ісі бойынша сот процесі қайта басталды. Бұған дейін оны 8 жылға бас бостандығынан айыру үкімі жойылған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін елордада өтіп жатқан сот бірінші инстанция ережесі бойынша апелляциялық деп саналады. Соттың құрамында үш судья бар. Сот алқасының төрағасы – Айсұлу Сламбекова.

    Қаралып жатқан қылмыстық іс прокурор бұған дейін айып таққан QazaqGaz басқармасының бұрынғы басшысы Қайрат Боранбаев пен басқа да тұлғаларға қатысты – олар сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңгені жымқырды және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырды деп айыпталуда.

    Сот отырысында Боранбаев "процессуалдық келісім аясында" кінәсін мойындайтынын айтты. Бұған дейін адвокаттар осы келісімге отыру туралы өтініш берген болатын. Келісім талаптары ары қарай сот отырыстарында талқыланатын болады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаев пен тағы екі айыпталушыға қатысты Ресей газын сатып алу кезінде жымқыру дерегі бойынша шыққан бірінші инстанция сотының үкімін жойған болатын.

    Қайрат Боранбаев биыл 31 мамырда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

    Сондай-ақ "АзияГазЧунджаның" тең құрылтайшысы Роман Наханов пен Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

    Астанада Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сот процесі қайта басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.