jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Мектепке хиджаб киюге бола ма: Оқу-ағарту министрі жауап берді

Мектеп оқушылары
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет кулуарында елімізде мектепке хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мектептерде хиджаб кию мәселесі бойынша министр Ғани Бейсембаев еліміздің Конституциясы мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сілтеме жасай отырып, пікір білдірді.

"Талап бойынша барлық оқушы мектепке мектеп формасымен келуі керек. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Бұл білім алуға тең мүмкіндіктер беру аясында жасалып жатыр. Осы тұрғыда ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы заң аясында және бекітілген талаптар аясында болады", - деді ол.

БАҚ өкілдері "бұл хиджаб киіп мектепке баруға болмайды дегенді білдіре ме" деп сұрады. Сондай-ақ олар "ата-аналар мектептерде хиджаб киюге рұқсат етілмесе, митингке шығамыз" деген пікірлерін әлеуметтік желі арқылы білдіргенін де атап өтті.

"Формаға қандай талаптар қойылады, солай болуы керек. Мектепке барудың басты мақсаты - сапалы білім алу. Ал ата-аналар бұл жерде басқа мәселелерді араластырмауы керек. Бала сапалы білім алып, ата-аналар осыған үлес қосуы керек. Бәріміз заңға бағынуымыз керек: Конституция бар, бізде зайырлы мемлекет делінген, сондықтан балалар мектеп формасын кию керек. Бұл - талап. Бұл тұрғыда ештеңе өзгерген жоқ", - деді министр.

Бірақ "егер бала мектепке хиджаб киіп келген болса, мектеп әкімшілігі не істеу керек" деген сұраққа Ғани Бейсембаев нақты жауап бермеді. Ол сұраққа сұрақпен жауап беруді жөн көрді.

"Сіз қалай ойлайсыз? Олар мектеп формасымен келуі керек. Бұл мектеп емес пе?", - деді министр.

Айта кетейік, елімізде оқушылардың хиджаб кию мәселесі жыл сайын көтеріледі.

Мектепке хиджаб киюге бола ма: Оқу-ағарту министрі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.