Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының алты ауданында төтенше жағдай жарияланды

Жарияланған күні:

Құрғаған жер
Құрғақшылық. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысы Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарында қалыптасқан өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы облыс әкімдігі ресми сайтында хабарлады

Облыс әкімідігінің мәліметінше, премьер-министрдің өкімімен "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 48-бабына сәйкес Жамбыл облысы Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарында қалыптасқан өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Осыған сәйкес, облыстың аталған аудандарында ауа райының қалыптан тыс ыстық болуы және судың тапшылығы салдарынан орын алған шаруалардың шығынын өтеуге үкіметтен төтенше резервінен қаражат бөлу мәселесі өз шешімін табуда.

Еске сала кетейік, жалпы, ағымдағы жылы облыс бойынша суармалы судың жетіспеушілігі мен температураның қалыптан жоғары болуына байланысты дақылдардың шығыны өткен жылмен салыстырғанда 25-30 пайызға төмен болады деп күтілуде.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ағымдағы жылдың шілде айының ортасында премьер-министрдіңтөрағалығымен өткен кеңесте облыс басшылығының бастамасымен өңірлік төтенше жағдай жариялау туралы мәселе көтерілген болатын.

Үкімет басшысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Топ құрамына Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің, "Қазсушар" Жамбыл облыстық филиалының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033511-zambyl-oblysynyn-alty-audanynda-totense-zagdai-zariyalandy/