Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда салмағы 7 келідей сәби дүниеге келді

Опубликовано:

Сәбидің аяғы
Сәбидің аяғы. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда 6 келі 880 грамм салмақпен "батыр бала" дүниеге келді. Дәрігерлер жаңа туған нәрестенің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады, деп хабарлайды Lada.kz басылымы.

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы мәліметіне сілтеме жасаған басылым хабарлауынша, сәбидің анасы - Мұнайлы ауданының тұрғыны. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған ана өзін жақсы сезінеді, төртінші сәбиін анасы кесір тілігімен босанған.

"Тексеру барысында біз босанатын әйелдің ішіндегі сәби өте үлкен екенін анықтадық. Содан кейін біз кеңес жасап, әйелді кесір тілігі арқылы босану керек деп шештік.

Операция сәтті аяқталды. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, өйткені ауыр салмақпен сәбилердің дүниеге келуі - ерекше құбылыс", - деді облыстық перинаталдық орталық өкілдері.

Басылымның жазуынша, нәресте анасымен бірге бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болған, содан кейін олар үйлеріне шығарылған. Шыққан кезде баланың салмағы 6 кг 280 грамм болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033567-aqtauda-salmagy-7-kelige-zuyq-sabi-duniege-keldi/

pixel