Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еуроодақ елдеріне бағыт алған": ҰҚК шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 шетелдікті ұстады

Опубликовано:

Шекарадан өтпек болған шетелдіктерді ұстау сәті
Шекарадан өтпек болған шетелдіктерді ұстау сәті. Фото: t.me/knbgov_kz

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Telegram-дағы ресми арнасында.

ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, 2023 жылғы 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдіктің жолын кесті.

"Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған", - делінген хабарламада.

ҰҚК өкілдері 17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Құзырлы орган ақпартынша, 2023 жылдың басынан БҚО аумағында мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033584-euroodaq-elderine-bagyt-algan-uqk-sekarany-zansyz-kesip-otpek-bolgan-9-seteldikti-ustady/

pixel