Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы "Алтын Орда" базарында тағы да заң бұзушылықтар анықталды

Опубликовано:

"Алтын Орда" базары
"Алтын Орда" базары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері хронометраждық зерттеу жүргізіп, "Алтын Орда" базарындағы жаңа заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, "ALTYN ORDA NEW COMPANY" ЖШС 2022 жылдың 4 тоқсанына 530,4 млн теңгенің кірісін көрсете отырып, қосымша салық есептілігін тапсырған.

Қосымша есептелген қосылған құн салығы - 63,6 млн теңге, корпоративті табыссалығы - 106,0 млн теңге. Өсімпұлды есептемегенде хронометраждық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке барлығы 169,6 млн теңге түсті.

Тексеру барысында "ALTYN ORDA NEW COMPANY" ЖШС-де бақылау-касса машиналарын қолданбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырудың қосымша нүктелері анықталды (базарға кіру (қақпа) және бухгалтерия). Тексеру нәтижелері бойынша қосымша 4 бақылау-касса машинасы тіркелді.

"Бүгінгі таңда "Алтын Орда" сауда базарында түсіндіру жұмыстарының нәтижелерімен жеке кәсіпкерлер ретінде 742 салық төлеуші және осынша бақылау-касса машиналары ерікті түрде тіркелді. Одан бөлек, Алматы облысы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, "Алтын орда" базарында кәсіпкерлік қызметті салық органдарында тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша тақырыптық (рейдтік) тексеру жүргізілді. Рейд барысында 12 жеке тұлға анықталды. Материалдары сотқа жолданды", делінген хабарламада.

Бұдан бөлек мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері 3 салық төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда, 1 салық төлеуші кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін, сондай-ақ тауардың бағасын төмендетіп көрсетіп, аталған тауарды "Алтын орда" базарының аумағында өткізген 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033594-almatydagy-altyn-orda-bazarynda-tagy-da-zan-buzusylyqtar-anyqtaldy/

pixel