Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде жерасты коллекторына экскурсияға түскен 8 адам қаза тапты: Қазақстан тумасы ұсталды

Жарияланған күні:

Күдіктіге кісен салу
Күдіктіге кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

20 тамызда бір топ турист Мәскеудегі Неглинка өзені бойындағы жерасты коллектор экскурсиясына заңсыз шыққан. Ауа райының қолайсыздығынан барлық турист пен гид қайтыс болған. Тергеушілер Қазақстанның тумасы ұйымдастырушылардың бірі болуы мүмкін екенін анықтаған.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, жексенбі, 20 тамызда сегіз адам Неглинка өзеніндегі жерасты коллектор экскурсиясына заңсыз барған.

Алайда сол күні қалада қатты нөсер жауып, коллекторлар суға толған. Салдарынан экскурсияға қатысушылар жоғарыға шыға алмаған.

Төтенше жағдайлар қызметі өкілінің айтуынша, турға 20-дан астам адам жазылған, бірақ қатты жаңбыр болады деген болжамнан кейін көпшілігі экскурсиядан бас тартқан.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, топ сегіз адамнан құралған: біреуі гид-диггер және жетеуі экскурсияға қатысушы.

Экскурсияны 31 жастағы гид Константин Филипов жүргізген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол үш жылдай топтарды жерасты коллекторына заңсыз әкеліп жүрген. Бүгінгі таңда іздестіру шарасы аяқталып, топтың барлық сегіз мүшесінің мәйіті табылған.

Бұл ретте құқық қорғау қызметкерлері Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 238-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін және абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қызметтерді көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетінің өкілдері Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

21 тамызда Санкт-Петербургте іздестіру жұмыстары жүргізіліп, "Спутник" компаниясының бас директоры Александр Кимнің қайда екені анықталған. Тергеушілердің айтуынша, бұл турға билеттерді осы компания сатқан.

"Жақын арада ол тергеу әрекеттерінің жүргізілуіне байланысты Ресейдің Тергеу комитетінің Мәскеу қаласындағы бөліміне жеткізіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Ким - Қазақстан тумасы. Бұл ақпарат оның Facebook-тегі парақшасында жазылған. Ол қазіргі Қонаев қаласында дүниеге келіп, біраз уақыт Алматыда тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033603-maskeude-kollektorlar-ekskursiyasy-kezinde-8-adam-qaza-tapty-qazaqstan-tumasy-ustaldy/