Астанадағы LRT-да қытай тілінде жазылған баннерлер пайда болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлеуметтік желілерде Астанадағы LRT-да қытайша жазуы бар баннерлер түсірілген кадрлар пайда болды. Жағдайға қатысты City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі пікір білдірді.
Қытай және орыс тілдерінде жазуы бар көк баннердің суретін Astanovka98 Telegram-дағы арнасында жариялады. LRT-да баннер орнатылып, онда: "Кәсіпорын қауіпсіздікте болғанда жеңеді. Егер өмірді қорғасақ, ол құнды болады" деп жазылған.
"Оқырмандарымызды таң қалдырған LRT-дегі баннерлер. Қазақстандағы ең танымал құрылыс жобасының бас мердігері - Қытайдың China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd компаниясы. Жылжымалы құрамға сол компания тапсырыс береді", - делінген жазбада.
Жазбаға пікір білдірген CTS компаниясының баспасөз қызметі мұндай баннерлерді мердігерлер корпоративтік рухты нығайту үшін қолданатынын айтты.
"Корпоративтік рухты нығайту үшін мердігерлер осындай баннерлерді іледі. Қауіпсіздік баннерлері жұмыс орындарында да ілінеді", - деп атап өткен компания өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033621-astanadagy-lrt-da-qytai-tilinde-zazylgan-bannerler-paida-boldy/