jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанадағы LRT-да қытай тілінде жазылған баннерлер пайда болды

Қытай, орыс тілінде жазылған баннерлер
Қытай, орыс тілінде жазылған баннерлер. Фото: t.me/astanovka98

Әлеуметтік желілерде Астанадағы LRT-да қытайша жазуы бар баннерлер түсірілген кадрлар пайда болды. Жағдайға қатысты City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі пікір білдірді.

Қытай және орыс тілдерінде жазуы бар көк баннердің суретін Astanovka98 Telegram-дағы арнасында жариялады. LRT-да баннер орнатылып, онда: "Кәсіпорын қауіпсіздікте болғанда жеңеді. Егер өмірді қорғасақ, ол құнды болады" деп жазылған.

"Оқырмандарымызды таң қалдырған LRT-дегі баннерлер. Қазақстандағы ең танымал құрылыс жобасының бас мердігері - Қытайдың China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd компаниясы. Жылжымалы құрамға сол компания тапсырыс береді", - делінген жазбада.

Жазбаға пікір білдірген CTS компаниясының баспасөз қызметі мұндай баннерлерді мердігерлер корпоративтік рухты нығайту үшін қолданатынын айтты.

"Корпоративтік рухты нығайту үшін мердігерлер осындай баннерлерді іледі. Қауіпсіздік баннерлері жұмыс орындарында да ілінеді", - деп атап өткен компания өкілдері.

Астанадағы LRT-да қытай тілінде жазылған баннерлер пайда болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.