Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында полиция қызметкері көшеде шашылып жатқан ақша тауып алды (видео)

Жарияланған күні:

Шашылған ақшаны жинап жүрген полиция қызметкері
Шашылған ақшаны жинап жүрген полиция қызметкері. Видеодан кадр: Ақмола облыстық ПД

Ақмола облысында полиция қызметкері көшеде шашылып жатқан ақшаны жинап, иесін тауып, қайтарды. Оқиғаның қалай болғанын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық ауруханада медбике болып жұмыс істейтін Ағлам Әбеева Астарахан аудандық полиция бөліміне алғысын айтып келген.

Медбикенің сөзінше, ай сайынғы несие төлемін жасамақ болған кезде сөмкесінен ақшасын таппаған. Оларды қайда, қалай жоғалтып алғанын түсінбеген ол көңілсіз күйде жұмысқа кеткен.

Осы кезде жұмысқа бара жатқан полиция қызметкері, кезекшінің көмекшісі Арыстанбек Имантаев жерде жатқан қағаз ақшаларды көрген. Облыстық ПД ұсынған видеода оның көшеде желмен ұшып бара жатқан ақшаны жинап жатқанын байқауға болады.

Осыдан кейін тәртіп сақшысы ақша тауып алғаны туралы учаскелік инспектор Сәлімжан Ержановқа хабарлаған. Ол өз кезегінде бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, жарты сағаттан кейін жоғалған ақшаның иесін анықтаған.

Медбике бұл оқиғаның нағыз сый болғанын айтып, тәртіп сақшыларына алғысын білдірген.

"Мен ізгі, сауапты іс атқара алатын, шыншыл және өз ісіне адал адамдардың бар екеніне өте қуаныштымын. Бұл ақшаны кез келген адам өзіне иемденіп алушы еді, бірақ біздің құрметті полиция қызметкерлері оны маған қайтарды", - дейді Ағлам Әбеева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033632-aqmola-oblysynda-policiya-qyzmetkeri-kosede-sasylyp-zatqan-aqsa-tauyp-aldy-video/