jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алматылық бойжеткен дүкенде кеудесінен ұстаған ер адамды жауапқа тартуды талап етуде

Видеоға түсіп қалған оқиғадан кадр
Видеоға түсіп қалған оқиға. Видеодан кадр: instagram.com/inessa.km

Алматылық бойжеткен әлеуметтік желіде бейтаныс ер адамның бейәдеп әрекетіне шағымданды. Оқиға қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде болған. Бойжеткен полициядан ер адамды жауапқа тартуды сұрайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы тұрғыны Instagram-дағы парақшасында азық-түлік дүкенінде бейәдеп әрекеттің құрбаны болғаны туралы видео жариялаған. Кадрдан ер адамның дүкенге кірген бойжеткеннің кеудесінен ұстағанын көруге болады. Ер адамның қасында тағы бір адам болған.

"18 тамызда құрбым екеуміз үйге азық-түлік алу үшін дүкенге бардық. Бұл еркексымақтың не істегенін видеодан көруге болады. Оның үстіне мұқият қарасаңыз, ол мені көшеден байқап, не істейтінін ойластырып қойған. Ол қатты мас болды. Мен бұл адамның қандай да бір жазаға тартылғанын қалаймын", – делінген видео сипаттамасында.

Ол оқиғаның Гагарин мен Өтепов көшесінің қиылысында орналасқан дүкенде болғанын атап өтті.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамды жауапкершілікке тарту мақсатында оның жеке басын анықтауға бағытталған шаралар жүргізіп жатқанын хабарлады.

Полиция өкілдері ер адамның әрекетіне құқықтық баға берілетінін айта кетті.

Алматылық бойжеткен дүкенде кеудесінен ұстаған ер адамды жауапқа тартуды талап етуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.