Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 5G технологиясын енгізу: жоғары жылдамдықтағы интернет енді үйлерге де тартылмақ

Опубликовано:

Kcell Eurasian Mobile Summit 2023 халықаралық телекоммуникациялық конференциясы
Фото: Kcell

Қазақстанда 5G мобильді интернет желілері енді үйлерге да тартылады. Бұл туралы Kcell Eurasian Mobile Summit 2023 халықаралық телекоммуникациялық конференциясы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматыда өтіп жатқан Kcell Eurasian Mobile Summit 2023 ауқымды шарасына әлемнің түкпір-түкпірінен мыңнан астам спикер қатысып, телекоммуникация саласына қатысты көптеген маңызды мәселені талқылады. Басты тақырыптардың қатарында жасанды интеллект және 5G дәуіріндегі бизнесті дамыту, елдегі байланыс сапасын арттыру, телекоммуникация және өнеркәсіп саласында генеративті жасанды интеллект пен заттар интернетін енгізу, жаңа цифрлық дағдылар сынды мәселелер болды.

Еліміздегі үш ірі байланыс операторы - «Кселл» АҚ, «Beeline Қазақстан» және Tele2/Altel жетекшілері қатысқан панельдік сессия барысында Қазақстандағы аса өзекті тақырыптар - тарифтердің өсуі, соңғы жылдары ұялы деректерге сұраныстың артуы, сондай-ақ 5G дамуы мен оны енгізуге қатысты проблемалар қозғалды.

Айта кету керек, бүгінде Алматы, Астана, Шымкент және Түркістан қалаларында 200-ге жуық 5g базалық станциясы жұмыс істеп тұр.«Қазақтелеком» компаниялар тобына кіретін «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбековтің айтуынша, бүгінгі таңда бұл жұмыстар Tele2/Altel-мен бірлесе атқарылуда.

Асхат Өзбеков
«Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков. Фото: Kcell

«Біз Tele2/Altel-мен бірге желі құрып, бір базалық станцияда өткізу қабілеттілігін екі есе арттыруға мүмкіндік беретін жиілік ресурсын біріктіріп жатырмыз», - деген ол бұл іс шығындарды оңтайландыру тұрғысынан да, тұтынушыларға жақсырақ қызмет көрсету тұрғысынан да пайдалы екенін жеткізді.

Ал Tele2/Altel бас директоры Сергей Коньков болса, технология іс жүзінде операторларға трафиктің анағұрлым үлкен көлемін сіңіруге мүмкіндік беретінін айтты. Бұл қазір ең заманауи әдіс болып саналады, дейді ол.

«Бізде бір-бірімізбен бәсекелесудің екі жолы бар. Желі құрыңыз және өнімдер жасаңыз, басқаларға қарағанда тиімдірек ұсыныстар дайындаңыз. Бұл мәселені шешеді», - деп түсіндірді Сергей Коньков.

Сергей Конков
Tele2/Altel бас директоры Сергей Коньков. Фото: Kcell

Сонымен бірге Коньков болашақта бұл желілер арқылы жаңа қызметтер ұсыну мүмкіндігі барын айтты. Мәселен, егер бұрын 5G белгілі бір қалалық жерлерде ғана қолжетімді болса, қазір 5G-ді үйлерге тартуға дайындық жүргізілуде. 5G Kcell жобасының директоры Магомедгирей Катиевтің сөзінше, қыркүйек айында 5G аясындағы жаңа өнім жұртшылық назарына ұсынылмақ.

«Қыркүйек айында біз 5G технологиясы бойынша FWA өнімін шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл үйінде талшықты-оптикалық байланыс орнатылмаған абоненттер үшін үйдегі интернетке қол жеткізуге жақсы мүмкіндік. Радиожелі арқылы Кселл оптикаға ұқсас және одан да жоғары жылдамдықтағы үйдегі интернетті ұсынады. FWA артықшылығына келер болсақ, сымдарды тарту, қабырғаларды бұрғылау қажет емес», - дейді Катиев.

Магомедгирей Катиев
Kcell 5G жобасының директоры Магомедгирей Катиев. Фото: Kcell

Қазақстанда жаңа форматтағы көптеген станцияны, сонымен бірге базалық 4G станцияларын салу жоспарланып отыр, деді өз сөзінде "Кселл" АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков:

"Бұған қоса, біз 4G станциясын да салып жатырмыз, бұл жерде мен 2,5 мың жаңа базалық станция туралы айтып отырмын. Биыл компания абоненттері анағұрлым жағымды өзгерістерге куә болады деп үміттенемін", - деді компания басшысы.

Дегенмен базалық станцияларды салу барысында кедергілер де жоқ емес. Beeline бас атқарушы директоры Евгений Настрадин құжат рәсімдеу өте көп уақытты қажет ететінін атап өтті.

«Базалық станцияның құрылысына құжат рәсімдеу 5-9 қабатты үйге құжат рәсімдеу сияқты күрделі. Бұл процесс 6-9 айға созылады. Мобильді интернетті тұтынудың қазіргі қарқыны үшін бұл тым ұзақ. Егер реттеуші бұл процесті жеңілдете алса, біз құрылысты тезірек жүргізе аламыз, демек байланыс сапасы бойынша оңтайлы жұмыс істей аламыз», - дейді ол.

Kcell Eurasian Mobile Summit 2023 халықаралық телекоммуникациялық конференциясы
Фото: Kcell

Бұл ретте саммитте сөз алған шетелдік сарапшы, APAC 5G Forum қауымдастығының жетекшісі және GSMA-ның Солтүстік-Шығыс Азиядағы басшысы Джонни Ким 4G-ді дамытуды да ұмытпауды еске салды. Сөзінше, бұл желіні ескерусіз қалдырмаған жөн.

«Бұл бағытты одан әрі ілгерілету және дамыту үшін бүкіл экожүйені бірге қарау маңызды. Ұялы байланыс операторлары үшін мемлекетпен бірлесе жұмыс істеп, бірінші кезекте өз тұтынушыларына көңіл бөлу маңызды», - деп ой бөлісті маман.

Айта кету керек, іс-шараны Қазақстандық Kcell ірі IT-компаниясы және цифрлық оператор, сондай-ақ конференцияның бағдарламалық серіктесі - MOST холдингі ұйымдастырған.

*Серіктес материалы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033796-qazaqstanda-5g-texnologiyasyn-engizu-zogary-zyldamdyqtagy-internet-endi-uilerge-de-tartylmaq/

pixel