Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ полицейлердің көлігіне отырған қыздар туралы видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Полицейлердің көлігіне отырып жатқан қыздар
Полицейлердің көлігіне отырып жатқан қыздар. Видеодан кадр: instagram.com/jol_erejesi_uiren

Желіде Шымкентте екі қыздың полицейлердің көлігіне отырған видеосы пайда болды. Желі қолданушыларының пайымдауынша, қызметтік көліктерге бөгде адамдардың отыруына болмайды. Бұған қатысты ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында пікір білдірді.

Желіде тараған видеодан екі бойжеткеннің полиция көлігіне отырып жатқанын көруге болады.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Шымкент ҚПД қызметкерлері екі қыздың полицейлердің қызметтік автокөлігіне отырған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтаған.

"Бұл жайт 22 тамызда кешкі уақытта болған. Әкімшілік аумақта қызмет атқару кезінде Тұран АПБ патрульдік полиция полкінің автоэкипаж инспекторларынан екі қыз көмек сұраған. Қыздар саябақта белгісіз ер адамдардың тиіскенін хабарлаған (ауызша арызданған).

Арызданушылармен бірге жақын маңдағы аумақтарды аралаған тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды таппай, қыздардың өтініші бойынша оларды қауіпсіз жерден түсіріп кеткен. Әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұраймыз", - делінген ІІМ хабарламасында.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөз бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033797-policiya-tartip-saqsylarynyn-koligine-otyrgan-qyzdar-turaly-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel