Астанаға көшетін тұрғындардың легін шектеу жоспарлануда
Жарияланған күні:
Читать на русскомОрталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көші-қон комитетінің басшысы Асқарбек Ертаев Астанадағы көші-қон ағынын бақылау қолға алынатынын, бұл мәселе әлі талқыланып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Көші-қон комитетінің басшысы Асқарбек Ертаевқа ведомство елордаға келетін адам ағынын шектеу қалай жоспарланып жатқаны туралы сұрақ қойылды.
"Елордаға көші-қон ағыны бойынша жұмыс әлі де жүргізілуде. Белгілі бір түзетулер әзірленді, бірақ олар әлі де талқыланып жатыр. Сондықтан қазір бұл туралы айтпаймын, өйткені әлі де талқылау болады. Әлі де келісім тұрғысынан жұмыс істеу қажет.
Бұл шараның барлығы заңнамалық актілер аясында қарастырылады. Яғни заң жобасына енгізілген шаралар бар. Жұмыс жалғасуда, қыркүйектің ортасында алғашқы шаралар жариялануы мүмкін", - деп жауап берді комитет төрағасы.
Ертаев бұл шаралардың президент тапсырмасы аясында қолға алынатынын айтты. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға көші-қонды бақылауды тапсырған болатын, өйткені Астанаға жыл сайын 50-60 мың адам келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033821-astanaga-kosetin-turgyndardyn-legin-sekteu-zosparlanuda/