jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанаға көшетін тұрғындардың легін шектеу жоспарлануда

"Бәйтерек" монументі
"Бәйтерек" монументі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көші-қон комитетінің басшысы Асқарбек Ертаев Астанадағы көші-қон ағынын бақылау қолға алынатынын, бұл мәселе әлі талқыланып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көші-қон комитетінің басшысы Асқарбек Ертаевқа ведомство елордаға келетін адам ағынын шектеу қалай жоспарланып жатқаны туралы сұрақ қойылды.

"Елордаға көші-қон ағыны бойынша жұмыс әлі де жүргізілуде. Белгілі бір түзетулер әзірленді, бірақ олар әлі де талқыланып жатыр. Сондықтан қазір бұл туралы айтпаймын, өйткені әлі де талқылау болады. Әлі де келісім тұрғысынан жұмыс істеу қажет.

Бұл шараның барлығы заңнамалық актілер аясында қарастырылады. Яғни заң жобасына енгізілген шаралар бар. Жұмыс жалғасуда, қыркүйектің ортасында алғашқы шаралар жариялануы мүмкін", - деп жауап берді комитет төрағасы.

Ертаев бұл шаралардың президент тапсырмасы аясында қолға алынатынын айтты. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға көші-қонды бақылауды тапсырған болатын, өйткені Астанаға жыл сайын 50-60 мың адам келеді.

Астанаға көшетін тұрғындардың легін шектеу жоспарлануда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.