Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арадағы тыныштықты сақтайық": қырғыз президенті Садыр Жапаров өзі ат мінгізген қазақ ақынына қолдау білдірді

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзі ат мінгізген ақын Біржан Қалдыбаевқа қолдау көрсетті. Бұл туралы Kabar сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұған дейін Садыр Жапаров Қырғызстанда өзіне жыр арнаған қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа арғымақ сыйлаған болатын.

Кейін Қалдыбаевтың бұл әрекетін айтыскер ақын Аманжол Әлтаев қатал сынға алып, Біржанды ақындар санатына жатқызбайтынын жеткізді.

Осы жағдайға қатысты қырғыз елінің президенті Садыр Жапаров пікір білдірген.

"Иә, бауырымыз Аманжол Әлтаевтың әлеуметтік желідегі үндеуін мен де оқыдым. Әрине, бұл ыңғайсыз үндеу болды. Ең алдымен "Елшіге де, әншіге де өлім жоқ" дейді. Елшілер өз жұмысын жасайды. Әншілер, тіпті ақындар өздеріне ыңғайлы жерде ән салады. Сын айтып ән салады, мадақтап ән салады, бірдеңе сұрау үшін ән салады. Одан кемшілік, саясат іздеудің қажеті жоқ.

Екіншіден, ақын Біржан Қалдыбаев қырғыздың жиені. Мен қазақтың жиенімін. Біз туысқанбыз. Бесінші атам Солтонқұлдың әйелі Нооча қазақтың қызы еді. Үшіншіден, біз қырғыз-қазақша сөйлейтін халықпыз. Сол сәтте арғымак сыйға тартпасам, ол маған бір кезде ән шырқайтын еді. "Нағашым жаяу жіберді, нағашымның бір арғымаққа алы жок па?" деп айтар еді. Ол жерге қатыспасам, сол ақынның әнін естімесем, әңгіме басқа болар еді. Сондықтан Аманжол мырзаға айтарым, сіз ешқашан жайсыз жағдайға тап болған жоқсыз.

Ешқандай саясат жоқ. Айтыскер ақын жиенімнің сөзіне түсіп қалмас үшін ғана арғымақ сыйға тарттым. Ал енді мен Біржан Қалдыбаевтың қандай ақын екенін де білмеймін. Мен оны бұрын да танымайтынмын. Оны көше ақыны деп атаған. Қазір көше ақыны болса, ақыры қазақ қырғыз халқына белгілі ақын болып кетер?

"Бесіктегі бала патша бола ма, кім білсін, құрсағындағы бала патша бола ма, кім білсін" дейді. Ол жас бала екен. Қолдау болса ақыры атақты ақын болып шығар. Қазақ пен қырғызды бізден басқа ешкім қолдамайды. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Қазіргі әлемдік жағдай өткір. Қазақ пен қырғыздың арасына от салғысы келетін үшінші күштер әлі де жоқ емес. Біз мұндай адасушылықтан аулақ болуымыз керек. Арамыздағы тыныштықты сақтайық. Онсыз да ат төбеліндей ғана елміз", - деп жауап берді Садыр Жапаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033851-aradagy-tynystyqty-saqtaiyq-qyrgyz-prezidenti-sadyr-zaparov-ozi-at-mingizgen-qazaq-aqynyn-qoldap-syqty/

pixel