Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО полицейлері Ауғанcтанның 10 азаматын қолға түсірді

Опубликовано:

Полицейлердің күдіктілерді ұстау сәті
Полицейлердің күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

БҚО полицейлері Қазақстан шекарасын заңсыз өтпек болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді. Бұл туралы ІІМ ресми жаңалықтары Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ІІМ мәліметінше, 24 тамыз "Учаске" жедел-профликалық іс-шарасын өткізу барысында ПД Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпекші болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді.

"Болжамды мәліметтерге сүйенсек, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған екен", - делінген хабарламада.

Полиция ұсталған азаматтарға қатысты ӘҚБтК-нің 514-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын, кейін жинақталған материалдар әрі қарай шешім шығару үшін Бөрлі аудандық сотына жолданатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033852-bqo-policeileri-auganctannyn-10-azamatyn-qolga-tusirdi/

pixel