Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 81 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген

Опубликовано:

Мұғалім
Мұғалім. Көрнекі фото: pixabay.com

Антикор Атырау облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 51 қызметкері мен орта білім беру ұйымдарының 30 қызметкері жалған дипломмен жұмыс істегенін анықтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ресми сайтында хабарлады.

Антикордың өңірлік департаментінің мәліметінше, Қоғамдық кеңес отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері талқыланған.

Отырыс барысында Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов кеңес мүшелерін білім беру саласындағы өзекті мәселелер туралы хабардар еткен.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында департаментпен көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, мысалы, мектептерде "өлі жандардың" болуы, қызметкерлер мен оқушылар саны бірдей мектептерді әр түрлі қаржыландыру, бір адамның бір уақытта 4-5 мекемеде жұмыс істеуі, кейбір білім беру ұйымдарының басшыларының өздерінің лауазымдық жалақыларынан басқа үстеме жалақыларын аударуы және тағы басқа", - дейді Жәнібек Қаражанов.

Құзырлы орган ақпаратынша, мониторинг нәтижесінде облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 51 қызметкері мен орта білім беру ұйымдарының 30 қызметкерінің жалған дипломдарды пайдалану фактілері анықталған.

Жоғарыда аталған фактілерді жою үшін облыстық білім басқармасына департамент әзірлеген 26 ұсыныс жолданған.

Мысалы, қызметкерлердің контингенті бойынша деректерді автоматты түрде салыстыру үшін интеграцияны қамтамасыз ете отырып, ЖАО деңгейінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және бекіту процестерін автоматтандыру, мекемеге кіру және шығу уақытын форматты-логистикалық бақылауды белгілеу мүмкіндігі бойынша білім беру мекемелері қызметкерлерінің қатысуын бақылау және тағы басқа да ұсыныстар айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033906-atyrauda-zalgan-diplommen-81-pedagog-zumys-istegen/

pixel