Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция қызметкеріне қарсы күш қолданғаны үшін қандай жаза қарастырылған

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ІІМ полицейлерге тіл тигізіп, олардың заңды әрекеттеріне кедергі келтіретін қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Медиа-порталды мәліметінше, жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркеліп, 109 адам түрлі жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 19-ы бас бостандығынан айырылған.

Сот шешімімен құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 1699 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 792 құқық бұзушы қамауға алынған.

"Ішкі істер органдары қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, яғни сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін өз өмірлерін қауіпке тігіп, аянбай қызмет етеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, оларға жұмыс барысында кедергі келтірмеуді сұраймыз.

Бұндай әрекеттерге жол берген жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Жаза ірі айыппұлдан 7 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің іс әрекетінде заң бұзушылық орын алған болса, азаматтар шағымдануға құқылы", - дейді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев.

Басылым жазуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мақсатында мемлекет басшысы жазаны қатаңдатуды тапсырған.

"Қазір мұндай құқық бұзушылықтар жәбірленушінің арыз-шағымынсыз тіркеледі. Енді агрессор арыз түссе де, түспесе де, жауапқа тартылады. Кейде жәбірленушіні “үй агрессорынан” құтқарамын деп, қызметкерлер өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді", - дейді Азамат Құрымбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033913-policiya-qyzmetkerine-qarsy-kus-qoldangany-usin-qandai-zaza-qarastyrylgan/

pixel