Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мектеп оқушылары қайтадан 25 мамырға дейін оқитын болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мектеп оқушылары
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда мектеп оқушылары қайтадан 25 мамырға дейін оқитын болды. Бұл туралы бүгін тамыз конференциясында премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту дұрыс, алайда асығыс шешім болған.

"Оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту туралы өз пікірімді айтқым келеді. Бұл мәселе бойынша қоғамда шағым өте көп. Мұны мойындау керек. Бұл әлемдік тәжірибе екенін де мойындауымыз керек, алайда мұндай жаңашылдықтарды енгізу әрқашан тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Министрліктің шешімі орынды болғанымен, бірақ асығыс болды деп ойлаймын.

Осыған байланысты биылғы оқу жылында 34 апталық оқу мерзіміне оралып, оқу жылын 25 мамырда аяқтаған дұрыс деп санаймын", - дейді премьер-министрдің орынбасары.

Сонымен қатар Тамара Дүйсенова үкімет оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту мәселесіне 2025 жылдан кейін қайта оралатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033938-qazaqstandyq-mektep-oqusylary-25-mamyrga-deiin-oqidy/