Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүкенде қыздың кеудесіне қол жүгірткен: Алматы полициясы видеодағы ер адамды анықтады

Жарияланған күні:

Читать на русском
бойжеткен
Бойжеткен. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы полицейлері азық-түлік дүкенінде қыздың кеудесінен ұстап алған ер адамның жеке басын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бостандық аудандық полиция басқармасының мәліметінше, құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол - Атырау қаласының тұрғыны.

ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша іс жүргізу материалы соттың қарауы және әрі қарай шешім қабылдау үшін тұрғылықты жеріне жіберілді", - деп хабарлады қалалық полициядан.

Естеріңізе сала кетейік, бұған дейін Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде азық-түлік дүкенінде бейтаныс ер адамның әдепсіз әрекетінің құрбаны болғанын айтқан еді.

Бойжеткен полицейлерден ер адамды жауапкершілікке тартуды сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033971-dukende-qyzdyn-keudesine-qol-zugirtken-almaty-policiyasy-videodagy-er-adamdy-anyqtady/