Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында кофе ішкісі келген ер адам көлігінен айырылып қала жаздады

Опубликовано:

Көлік ішінде кофе іщіп отырған ер адам
Көлік ішінде кофе іщіп отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Қостанай облысында Лисаков қаласындағы жанармай құю бекетінде ер адам кофе сатып алуға шыққан кезде біреу көлігін ұрлап кеткен. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство хабарлауынша, Денисов ауданының тұрғыны кофе сатып алу мақсатында жанармай құю бекетіне тоқтаған, бірақ қайтып келген кезде көлігін қалдырған жерінде таппаған.

"Жәбірленуші дереу полицияға жүгінді. Лисаков қаласының патрульдік полициясының қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізген", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, күдікті бір сағат ішінде ұсталды. Көлік Лисаков қаласынан 10 шақырым қашықтықта табылған. Ол сол ауылдың тұрғыны екені анықталды.

"Полиция көлікті заңды иесіне қайтарып берді, ал ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034026-qostanai-oblysynda-kofe-iskisi-kelgen-er-adam-koliginen-aiyrylyp-qala-zazdady/

pixel