Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюпов 10 жылға сотталды

Опубликовано:

Рашид Аюпов
Рашид Аюпов. Фото: Facebook.com/rashid.ayupov

25 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Рашид Аюповқа қатысті іс қаралды. Оған алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген айып тағылған. Бұл туралы сот Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Іс алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша қаралған.

"2013 жылы А. белгісіз тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы тұлғалар тобында алдау және АҚ компаниясының меншік иесінің сенімін теріс пайдалану арқылы соңғысын Алматы қаласында электр қосалқы станциясын салу тендерінде жеңіске жетуге жәрдемдескені үшін лауазымды тұлғаға 2,8 млн АҚШ доллары мөлшерінде пара беруге итермелеп, соңғысының ақшалай қаражатын делдал арқылы иемденді", - делінген хабарламада.

Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденген.

Прокурор Аюповты 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал қорғаушы тарап экс-шенеунікті ақтап шығуды сұраған.

"Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының 3 кәмелетке толмаған баласының болуын және денсаулық жағдайын таныды.

Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", - делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде сот үкімімен Рашид Аюпов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған, бұл ретте қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатылған. Бірақ пара беруге итермелегені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар Рашид Аюповтан мемлекет кірісіне сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасау нәтижесінде алынған 422 млн 800 мың теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034036-kentau-qalasynyn-eks-akimi-rasid-ayupov-10-zylga-sottaldy/

pixel