Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 26 жастағы азамат өзі жұмыс істейтін автосалонды тонады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көкшетауда 26 жастағы азамат 30 млн теңге салынған сейфті өзі жұмыс істейтін автосалоннан көтеріп кетті деген күдікке ілінді. Ол арада бір тәулік өтпестен қолға түскен, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

"КТК" арнасының мәліметінше, күдікті азамат жұмыстан кейін барлық бейнебақылау камераларын сөндірген. Түнделетіп келіп есепшінің есігін бұзып ашып, шағын сейфті алып кеткен. Үйіне әкелген соң темір сейфті арнайы құрылғымен кесіп, 30 млн теңгені алған. Оның 23 млн-ын өз есепшотына аударып үлгерген. Ал қалғанын үйіндегі бильярд залына жасырып қойған.

Арна мәліметінше, бір тәулік ішінде қолға түскен 26 жастағы азамат полицияға ақшаны тыққан жерінен алып берді. Аса ірі көлемде ақша ұрлаған 1997 жылы туған азамат қамауға алынды.

"Жедел іздестіруде 26 жастағы салон менеджері қолға түсті. Ұрланған ақша толық тәркіленді. "Ұрлық" бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.Ол істеген қылмысын мойындап отыр", - Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034067-koksetauda-26-zastagy-azamat-ozi-zumys-isteitin-avtosalondy-tonady-degen-kudikke-ilindi/

pixel