Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Видеоға баласы түсірген: Қарағанды облысында әйелге шабуыл жасады деп күдіктелген ер адам ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Кісен. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында әйелге шабуыл жасады деп күдіктелген ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"25 тамыз күні түнгі уақытта криминалдық полиция басқармасы, Қарқаралы аудандық полиция бөлімі мен "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлердің Қарағанды қаласында бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, күдікті облыстық полиция департаментіне жеткізілді.

Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарқаралыда 51 жастағы әйелге шабуыл жасалғаны туралы жазған едік.

Әйелдің баласы күдіктіні видеоға түсіріп үлгерген. Болған жайтқа қатысты Қарағанды облысының полиция департаментінде пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034100-qaragandy-oblysynda-aielge-sabuyl-zasagan-kudikti-ustaldy/

pixel