jitsu gif
Қаржы

    Қазақстанда шенеуніктердің жалақысын төмендету туралы петицияға қол жинау басталды

    Доллар
    Доллар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қазақстанда шенеуніктердің жалақысын азайту туралы талап етілген петиция жарияланды. Электрондық құжатқа 30 мыңнан астам адам қол қойған. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Петицияға қол жинау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың жуырда 85 мың теңгеге өмір сүруге болады деген сөзінен кейін басталған.

    "Әрине, 85 мың теңгеге өмір сүруге болады, бірақ әр өңірде жалақы мөлшері өсуі керек. Осы әдістеме негізінде қазір жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деген болатын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

    Электрондық құжатқа 30 мыңға жуық адам қол қойып үлгерген, оның ішінде жүзден астам азамат қарсылық білдірген.

    Петиция талабында әкімдерге, министрлерге, депутаттарға жоғары жалақы төлегенше, жәрдемақының мөлшерін көбейтіп, жеңілдетілген ипотека мен автонесиелерді қаржыландырып, жолдар мен инфрақұрылымдарды жөндеуге қаржы бағыттаған, сондай-ақ баспанасы жоқ адамдарға тегін асхана ашқан тиімдірек деп жазылған.

    Дереккөз: КТК

    Қазақстанда шенеуніктердің жалақысын төмендету туралы петицияға қол жинау басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.