jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қатты жаңбыр, жел, найзағай": бүгін елімізде қандай ауа райы күтіледі

Адамдар бағдаршамнан қолшатырмен өтіп жатыр
Жаңбыр. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жексенбі, 27 тамызда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидрмет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады. Қазақстаннның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл тұруы ықтимал. Сонымен қатар желдің күшеюі күтіліп, бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің оңтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Мамандардың болжамынша, республиканың оңтүстігінде, солтүстік-батысында тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Синоптиктер Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Ұлытау, Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады деп ескертті.

"Қатты жаңбыр, жел, найзағай": бүгін елімізде қандай ауа райы күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.