Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар білім беру қызметкерлерін жұмыстан шығаруды ұсынды

Опубликовано:

Теңге
Конверттің ішіндегі ақшаны ұстап тұрған адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жамбыл облысы департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі комиссия отырысында облыстың білім беру саласына жүргізілген сыртқы талдау нәтижелерін жариялап, мемлекетке келтірілген шығын 200 млн теңгеден асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облыстық департаменті талдау нәтижесі бойынша 130-дан астам бұзушылық анықтап, мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы 200 млн аса теңгені құрағанын мәлімдеді.

Құзырлы орган барлық анықталған фактіні уәкілетті органмен растау үшін аудиторлық тексеру жүргізуде, оның қорытындысымен және прокуратура органының келісімінен кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.

"Бес ауданда жүргізілген талдау нәтижесі осы салада бұзушылықтар бар екенін және тәуекелдер негізінен бірнеше бағыт (заңсыз үстемақы тағайындау; мұғалімдердің аты-жөнін көрсете отырып, өздерінің счеттарына заңсыз жалақы аудару; бірнеше жерде тіркеліп жұмыс жасау арқылы заңсыз еңбек ақы алу, өз счеттарына ақша аудару) бойынша жүзеге асырылғанын көрсетті. Мұның барлығы осы салада басқарма мен бөлім басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан орын алып отыр", - делінген хабарламада.

Комиссия отырысында департамент басшылығы құқықбұзушылыққа жол берген сала мамандарының жауапкершілігін қарауды (жұмыстан босатуға дейін) ұсынды. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген фактілерін болдырмау мақсатында аудит қызметін тарта отырып, осы жылдың соңына дейін қалған аудандардың білім бөлімдерінде ішкі талдау жүргізуді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034136-antikor-sybailas-zemqorlyqqa-qatysy-bar-bilim-beru-qyzmetkerlerin-zumystan-sygarudy-usyndy/

pixel