jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қостанай облысында көбік кешінде 9 жасар қыз баланы тоқ соқты

Көбік кеші
Көбік кеші. Көрнекі фото: Getty Images / Byrdyak

Қостанай облысындағы Ұзынкөл ауылында көбік кеші кезінде 9 жасар қыз баланы электр тоғы соққан. Ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 25 тамызда Ұзынкөл ауылында жастар күніне арналған көбік кешінде болған. Кеште 9 жасар қыз баланы электр тоғы соққан.

"Кезекшілікте болған дәрігерлер қыз балаға оқиға орнында алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсетті. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігі "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабардар етті департаменттен.

Полицейлер қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Қостанай облысында көбік кешінде 9 жасар қыз баланы тоқ соқты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.