jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте ірі бұршақ жауды

бұршақ
Бұршақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Жексенбі, 27 тамызда Шымкентте ірі бұршақ жауды. Тұрғындар бұл сәттің видеосын әлеуметтік желіде бөлісуде.

Otyrar.kz басылымының жазуынша, кеше кешкісін қалада ауа райы күрт бұзылып, ауа температурасы +24 градустан +14 градусқа дейін төмендеп кеткен. Қатты жел күшейіп, бұршақ аралас жаңбыр жауып тұрғындарды әбігерге салған.

Қазақпараттың хабарлауынша, бұршақтың көлемі моншақтың үлкендігідей болады. Бұршақтан қорғанған қала тұрғындары ғимараттар мен аялдамаларды паналаған.

Тіпті, көлігімен жүрген көпшілік май құю бекеттерінде бұршақтан қорғанып тұруға мәжбүр болған.

Агенттік ірі бұршақ араласқан жаңбыр Түркістан облысының кейбір аудан-қалаларында да жауғанын, тіпті кей аймақтарда жарық өшіп, ағаштар құлағанын атап өтті.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Шымкентте бейсенбіге дейін күн бұлтты болады.

Синоптиктердің болжамынша, қалада дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшеюі ықтимал. Дегенмен ауа температурасы +24... +26 градус төңірегінде болады.

Шымкентте ірі бұршақ жауды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.