jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматылықтарды қыздың айқайлаған дауысы шошытты

    Жасөспірім
    Жасөспірім қыз. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Әлеуметтік желіде Алматы тұрғындары қыздың айқайлаған дауысын естіп, жүгіріп келгені, ал қасында бейтаныс еркектің қашпақ болғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнынан кадр Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында пайда болды. Видео сипаттамасында Алматыдағы аудандардың бірінде тұрғындар қыздың айқайлаған дауысын естіп, жүгіріп келгені туралы жазылған.

    "Алматы тұрғындары Алмалы ауданында қыздың айқайлаған дауысын естіген. Олар оқиға орнына жеткен кезде видеодағы ер адамның қалай тез киініп, қашпақ болғанын көрген", - делінген видео сипаттамасында.

    Қалалық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

    "Алмалы ауданының полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі аталған фактіні тіркеп, тергеуді бастады. Фигурант жауапкершілікке тартылды. Оқиғаның өзге де мән-жайы анықталуда", - делінген қалалық полиция хабарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.