Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі мереке, бір қала: Сәтбаевтың 50 жылдығы мен Кеншілер күні қалай тойланды

Опубликовано:

Сәтбаев қаласының 50 жылдығын және кеншілер күнін мерекелеу
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

Өткен демалыс күндері Сәтбаевта бірден екі айтулы оқиға – қаланың 50 жылдығы, кеншілер мен байытушылар күні аталып өтілді. Осы күнге орай Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастап, ашық аспан астындағы мерекелік концертке дейін бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.

Қала тұрғындарының басым бөлігі облыстағы негізгі жұмыс беруші - «Қазақмыстың» тиісті салаларында жұмыс істейтіндіктен, «Кенші мен байытушы күні» - сәтбаевтықтар үшін жылдың көптен күткен мерекелерінің бірі. Биыл дәстүр бойынша мереке академик, ғалым Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл қою және қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімінен басталды.

Гүл қою рәсіміне Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев, кәсіпорын басшылары, ардагерлер мен өндіріс озаттары қатысты.

Салтанатты түрде гүл шоқтарын қою
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

Мереке кейіпкерлерін компания басшылығы құттықтап, олар корпорацияның гүлденуіне күн сайын үлес қосып жүрген сан мыңдаған ұжымның орасан зор бөлігі екенін атап өтті.

«Бірінші жартыжылдық Корпорация үшін табысты болды. Кеншілер жоспарды 101 пайызға орындады, өңдеу зауыттары 15,5 миллион тонна кенді өңдеді. Өндіріс көлемін ұлғайтып, жұмысшылардың тұрмыс жағдайын жақсартып жатырмыз. Озық технологияларды пайдалана отырып, біз заманауи кластерлерді жасаймыз. Компания басшылығы кәсіпорындардағы еңбекақыны көбейтіп, әлеуметтік пакеттерді жақсарту арқылы әрбір қызметкердің жұмысын лайықты бағалайды», - деп атап өтті «Казақмыста».

Сәтбаев қаласының 50 жылдығын және кеншілер күнін мерекелеу
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

Басшылық кеншілер мен байытушыларға өндірістік көрсеткіштерінің және сұраныстарының артуын тілеп, адам ресурстары компанияның басты құндылығы екенін, сондықтан олардың қауіпсіздігі бірінші орында тұрғанын атап өтті.

Жексенбі күні Сәтбаевтың Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет сарайында қаланың 50 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Мерейтойлық іс-шараның басты қонақтары «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының өкілдері болды.

Jah Khalib
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

Олармен кездесуде Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов еңбек сіңірген кеншілерге «Еңбек ардагері», «Құрметті кенші» және «Кенші данқы» төсбелгілерін, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамоталарын табыс етті. Өз кезегінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев облыс кәсіпорындарының үздік жұмысшыларын «Кенші данқы» және «Еңбек даңқы» салалық төсбелгілерімен, сондай-ақ компания басшылығының құрмет грамоталарымен марапаттады.

«Құрметті кеншілер мен байытушылар, бүгін мен осы мінберден сіздерді шын жүректен құттықтаймын, еңбектеріңіз үшін, кәсіпке адалдық пен берілгендіктеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бәріңізге шын жүректен толағай табыс, апатсыз жұмыс, зор денсаулық пен амандық тілеймін! Қалаларымыз гүлденіп, дами берсін, үлкейе берсін, инвестициялар тартылып, жаңа жұмыс орындары ашыла берсін, халқы көбейе берсін», – деді Нұрахмет Нұриев.

Отшашу
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

Сәтбаевтың бас алаңында қазақ эстрадасының жұлдыздары Тұрар Ыдырыс, AYREE, Орда тобы және, әрине дүние жүзі бойынша миллиондаған жанкүйері бар қазақстандық танымал орыстілді рэп пен хип-хоп әртісі JahKhalib өнер көрсеткен концерт келушілерге ерекше шаттық сыйлады. Сәтбаевтықтар үшін бұл нағыз тосын сый болды, мыңдаған жиналған қауым сүйікті әртістерімен бірге ән шырқап, мерекеге риза болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034282-eki-mereke-bir-qala-satbaevtyn-50-zyldygy-men-kensiler-kuni-qalai-toilandy/

pixel