Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Оқу-жаттығудан өтіп жатқан сарбаз
Оқу-жаттығудан өтіп жатқан сарбаз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 29 тамызда Астанада терроризмге қарсы күрес бойынша оқу-жаттығу өткізіледі. Осыған байланысты елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Биылғы жылғы 29 тамызда сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап жатыр.

Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою бойынша міндеттерді орындауға дайындығын тексеру", - делінген елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған байланысты жедел штаб азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034381-elordanyn-terrorizmge-qarsy-kures-zonindegi-zedel-staby-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel