jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жетісу облысында Көліктік бақылау инспекциясының басшысы ұсталды

    конверттегі ақша
    Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "Ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңгені құрады", - делінген хабарламада.

    Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

    Сондай-ақ Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

    Агенттік ақпаратынша, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады.

    Жетісу облысында Көліктік бақылау инспекциясының басшысы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.