Семейде "Сергек" камерасы сағатына 206 км жылдамдықпен жүрген Lada Granta көлігін тіркеген (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомСемейде Lada Granta жүргізушісі сағатына 206 км жылдамдықта жүріп өткені үшін тоқтатылған. Полицейлер жүйеде техникалық ақау кеткенін айтты, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Видео OO OSA FAMILIES Instagram парақшасында пайда болды.
Жазба авторының ақпаратынша, патрульдік полиция қызметкерлері оны жылдамдықты асырғаны үшін тоқтатқан. Автор патрульдік көлікті және жылдамдықты артқаны туралы хабарлама келген полиция қызметкерлерінің қызметтік планшетін көрсетті.
"Оның сөзінше, мен мына "Гранта" маркасында сағатына 206 шақырым жылдамдықта жүріп өтіппін. Фотода Land Cruiser Prado, Toyota көрсетілген. Ал мен артта келе жаттым. Сонда қалай маневр жасадым деген сұрақ туындайды", – деді жүргізуші.
Видеода полицей "Сергек" камерасына сондай көрсеткіш түсіп қалғанын айтты.
Оқиғаға қатысты Семей қаласының полиция басқармасында пікір білдірілді. Тәртіп сақшылары техникалық ақау болғанын хабарлады және жүргізуші жауапкершілікке тартылмайтынын айтты.
"Бұл шағым "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенінің Астанадағы әзірлеушілеріне жолданды. Техникалық ақаулар бар, ешбір жол-көлік ережесі бұзылған жоқ", – делінген ведомство хабарламасында.
Мұндай жағдайда кез келген азамат бұйрыққа шағымдануға құқылы екені атап өтілді. Ол үшін адам тұрғылықты жері бойынша әкімшілік полиция бөліміне хабарласуы керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034405-semeide-sergek-kamerasy-sagatyna-206-km-zyldamdyqpen-zurgen-lada-granta-koligin-tirkegen-video/