jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Kaspi бөлімшесіндегі кепілге алуға қатысты іс: Астанада сот басталды (фото)

Кепілге алу ісі бойынша сотталушы
Кепілге алу ісі бойынша сотталушы. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Биыл маусым айында елордада Kaspi банкінің бөлімшесіне жасалған шабуылға қатысты сот отырысы басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаевтың сөзінше, айыпталушы Әлихан Мұрадов 1993 жылы туған. Ол Жамбыл облысының тумасы.

Кепілге алу ісі бойынша сотталушы
Кепілге алу ісі бойынша сотталушы. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Оның ісі Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы, атап айтқанда 188-бабының 1-бөлігі және 261-бабы 2-бөлігінің 4, 8, 9-тармағы, яғни қару ретінде пайдаланылатын затты қолдана отырып, ұрлық жасау және пайдакүнемдік ниетте екі немесе одан да көп адамды кепілге алу бойынша қаралуда.

Кепілге алу ісі бойынша сотталушы
Кепілге алу ісі бойынша сотталушы. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Ер адамда бұған дейін соттылығы жоқ екені атап өтілді.

Сот отырысы барысында белгілі болғандай, ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып, белгілі бір препаратты тұтынған, бірақ әрекеті сәтсіз болған. Сондықтан ол банк бөлімшесіне шабуыл жасауды ұйғарған. Сотталушы банк бөлімшесінде адамдарды кепілге алу кезінде атып өлтірілетініне үміттенген.

Kaspi бөлімшесіндегі кепілге алуға қатысты іс: Астанада сот басталды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.