Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы перзентханалардың бірінде жүкті келіншек қайтыс болды

Опубликовано:

Екіқабат келіншек
Екіқабат келіншек. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы перзентханада ана мен сәби өлімі тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жангелді Былқайыровтың сөзінше, қайғылы оқиға 22 тамыз күні болған. 39 жастағы келіншек аудандық ауруханаға айы күні жетіп, толғатып барған.

Қазіргі уақытта толғақ үстінде қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты тергеп, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

“Бұл оқиға Шалқардағы перзентханада болды. Облысқа жіберетін жағдай емес, ауданның өзінде де перзентханамыз бар. 1984 жылы туған келіншек жүктілік кезінде тіркелген, айы күні жетіп тұр. Толғақпен ауруханаға түсті. Босану кезінде қайтты. Осыған қатысты тексеру жүріп жатыр. Комиссия қорытындысынан кейін ғана ақпаратты толық бере аламыз”,- деді Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жангелді Былқайыров.

Бас дәрігердің айтуынша, бұл марқұм келіншектің бірінші рет босануы емес. Осыған дейін бір қызы болған.

Ана мен бала өліміне қатысты комиссия қорытындысы қосымша хабарланбақ.

Авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034439-aqtobe-oblysyndagy-perzentxanalardyn-birinde-zukti-kelinsek-qaitys-boldy/

pixel