Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізге рулі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін

Опубликовано:

Автокөліктің іші
Автокөліктің іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан аумағына рулі оң жақта орналасқан жеңіл көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін. Тиісті бұйырық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасының аумағына оң жақта орналасқан рульдік басқарылатын жеңіл автомобильдерді әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық-жобасында.

Бұйрықта тыйымның орындалуын бақылауды қамтамасыз ету Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктелетіні айтылған.

Құжат 13 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034470-elimizge-ruli-on-zaqtagy-kolikterdi-akeluge-tyiym-salynuy-mumkin/

pixel