Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жүргізуші экскаватормен Каспий теңізіне кірген

Опубликовано:

Каспий теңізіндегі экскаватор
Каспий теңізіндегі экскаватор. Видеодан кадр: instagram.com/ladakz

Ақтауда экскаватормен Каспий теңізіне кірген 29 жастағы жүргізушіге қатысты екі бірдей хаттама толтырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Теңіздегі экскаватордың видеосы Instagram-дағы пабликтерде пайда болды.

Желіде тараған кадрлардан экскаватор жүргізушісі теңізге кіріп, демалушыға "қауіпті трюк" жасауға көмектескенін көруге болады.

Бұл видеоға пікір білдірген Маңғыстау облыстық ПД экскаватор жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылғанын атап өтті.

"Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоның қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 29 жастағы жүргізушіге ӘҚБтК-тің 593 және 620-баптары бойынша екі әкімшілік хаттамалар жасақталды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілгенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034477-aqtauda-ekskavatormen-kaspii-tenizine-kirgen-zurgizusi-zazalandy-video/

pixel