Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласы Ж.Махамбетов ауылында спорт кешені ашылды

Опубликовано:

Спорт кешенінің салтанатты ашылуы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Конституция күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округі Ж. Махамбетов ауылындағы жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Еңселі ғимарат «Самұрық-Қазына» қорының 15 жылдығы тұсында ауыл тұрғындарына тарту етілді.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қатысты.

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.

Спорт кешенінің салтанатты ашылуы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аймағымызда спорт саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Ел Президентінің бастамасымен өткізілген «Балалар жылында» демеушілер 1 млрд 600 млн теңгенің 80 спорт-ойын алаңын балдырғандарға тарту етті. Соның 50-і Қызылорда қаласында салынды. Демеушілер бұл жұмыстарды биыл да жалғастырды. Үкімет қолдауымен аймақта спорт құрылымдарын дамыту үшін ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінде облыста 11 спорт кешенінің құрылысы қарқын алды. Оның ішінде, Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округінде салынуда», – дейді Нұрлыбек Машбекұлы.

3 фото - облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен «Самұрық-Қазына» төрағасы Нұрлан Жақыпов
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов құттықтау сөзінде қызылордалық спортшылардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

«Өңірлердегі қайырымдылық жобаларын қолдау – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметіндегі басым бағыт. Ж.Махамбетов ауылында көпсалалы спорт кешенін салу өзіміз бастама танытқан жоба екенін атап өткім келеді. Мұнда қажетті спорттық құрал-жабдықтар бар, спорт секциялары мен алаңдарда мектеп оқушыларынан бөлек тұрғындар да жаттыға алады. Өскелең ұрпақтың денсаулығы біздің балаларға жасайтын қамқорлығымызға тікелей байланысты. Әрбір жоба арқылы біз олардың болашағына керекті сапалы білім берумен қатар, әлеуметтік ахуалын жақсартамыз. Осы спорт кешенінен чемпиондар өсіп шықсын деген ақ ниеттеміз!», – дейді қордың Басқарма төрағасы.

Марапаттар мен медальдар
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мерекелiк іс-шарада ауыл ақсақалы Қыпшақ Рүстембеков ел ағалары атынан бата берді.

Аумағы 1504 шаршы метрлік жаңа спорт кешені салауатты өмір салты секцияларын ұйымдастыруға және спорттық шараларды өткізуге арналған. Мұнда волейбол, шағын футбол, баскетбол алаңдары жабдықталған, теннис корты, күрес алаңы, екі жолақты жүгіру жолы бар. Бұл – «Самұрық-Қазына» АҚ демеушілігімен салынып, биыл пайдалануға берілетін еліміздегі 5 кешеннің алғашқысы.

Спорт алаңы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Еске салсақ, күні кеше мереке қарсаңында Шиелі ауданында тұрғындарға жаңа тұрғын үй кілттері табысталып, дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034483-qyzylorda-qalasy-zmaxambetov-auylynda-sport-keseni-asyldy/

pixel