Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"17 500 адам кеткен": Ералы Тоғжанов азаматтардың ауылдан көшуін тоқтатудың жолын айтты

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов. Фото: NUR.KZ

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірдің мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Кездесуда облыс әкімі ауылдан көшіп жатқан тұрғындар мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімінің мәліметінше, өңірде соңғы үш жылда 17 мыңнан аса адам ауылдан көшіп кеткен.

"12 ауданның бәрін аралап шықтым. 100-ден аса ауылдарға барып келдік. Бұл ауылдарға жай бармадық, ел ағаларымыз кездесу болды. Ең үлкен сұрақтың бірі - ауылдағы азаматтардың көшуін тоқтату жайлы. Соңғы үш жылдың ішінде 17 500 адам ауылдан кеткен. Не істеу керек?

Ең алдымен жұмыс орындарын қамтамасыз етіп, табыс көзін нығайтуымыз керек. Интернет мәселесі де бар. Ауылда интернет желісі болмаса жастар тұрақтамайды. Сондықтан бұл мәселе шешілуге тиіс. Бұл ауылдағы білім сапасын дамытуға да мүмкіндік береді. Медицина саласын қамтамасыз етіп, жол құрылысы, абаттандыру жұмыстарын қолға алуға тиіспіз", - дейді Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімі өңірде соңғы екі жылда қылмыс тіркелмеген 14 ауыл барын, сондай-ақ бес ауылда жұмыссыздық мәселесі жойылғанын атап өтті.

"Ауылда жұмыс істеймін деген адамға толық мүмкіндік бар. Мал бағамын десе де, көкөніс өсіремін десе де көмек көрсетіледі. Оларды істеуге мүмкіндігі болмаса, орта шағын бизнестің 14 түрі бар. Аз дегенде нанның түрлерін пісіруге болады. Тұрмысы төмен отбасыларға кепілсіз, пайызсыз несие беру мүмкіндігін аштық", - дейді облыс әкімі.

Авторы: Ардақ Ерубаев

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034491-17-500-adam-auyldan-ketti-eraly-togzanov-eldimekenderden-azamattardyn-kosuin-toqtatu-kerektigin-aitty/

pixel