Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда сарбаздардың жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды

Жарияланған күні:

Әскери қызметшілер
Әскери қызметшілер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімше сарбаздарының жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған агенттік мәліметінше, қазіргі кезде аталмыш әскери бөлімшеде қалған әскери қызметшілердің арасында емдеу-алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ ведомство өкілдері қызметкерлердің әл-ауқатына қатысты жаңа шағымдар түспегенін атап өткен.

"Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде", - деп хабардар еткен ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшенің 40-тан астам әскери қызметшісі ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) белгілерімен жұқпалы аурулар орталығына жатқызылғаны белгілі болған еді.

Олардың бесеуінен минингокты инфекциясы анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034504-koksetauda-sarbazdardyn-zappai-auruxanaga-tusuine-bailanysty-qyzmettik-tekseris-bastaldy/