jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Көкшетауда жоғалған қыз жалдамалы пәтерден табылды

Жасөспірім қыз
Жасөспірім қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Көкшетау қаласының тұрғыны үйінен кетіп қалған 15 жастағы қызын тауып беруді өтініп, полицияға жүгінген. Көп ұзамай жасөспірім жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Көкшетау қаласының тұрғыны 27 тамыз күні сағат 14:00 шамасында үйінен шығып кетіп, оралмаған 15 жастағы қызын іздеуге көмектесуді өтініп, полицияға арыз жазған.

"Бұған дейін жасөспірім бірнеше рет үйден шығып кетіп жүрген. Ол түнде далада жүргені үшін және қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін ювенальды полиция бөлімшесінде тіркеуде тұр", – делінген хабарламада.

Портал мәліметінше, полицейлер қыздың әлеуметтік желідегі таныстары мен профильдерін, жасөспірімнің болуы мүмкін жерлері мен жүрген жерлерін тексеріп, қаладағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған бейнежазбаларды зерттеген.

Нәтижесінде қыз құрбысымен бірге жалдамалы пәтерден табылды. Полицейлер қызға қатысты ешқандай заңсыз әрекет жасалмағанын анықтады.

Аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының қарауына жіберілді.

Көкшетауда жоғалған қыз жалдамалы пәтерден табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.