Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неге ұқпай тұрсың": Астанада кепілге алу ісі бойынша жәбірленушілер оқиғаның қалай болғанын айтты

Опубликовано:

Кепілге алу ісі бойынша сотталушы
Кепілге алу ісі бойынша сотталушы. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Бүгін Астанада Kaspi банктің бөлімшесінде адамдарды кепілге алу ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Бөлімшеде болған жәбірленушілердің бірі оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна хабарлауынша, банк қызметкерлері сол күнгі оқиғаны қорқынышпен еске алады. Шабуыл жасалған күні менеджерлердің бірі үзіліс жасауды ұйғарып, ортақ бөлмеден шығып кеткен. Ол демалыс бөлмесінде болған кезде сырттан шыққан шулы дыбыстарды естіп, бөлімде бір нәрсе болып жатқанын түсінген.

"Сағат 13:52-де 102 нөмірі бойынша полицияға қоңырау шалдым. Мен залда қанша адам болғанын білген жоқпын, мүмкін бірнеше адам болар, яғни қандай да бір теракт болуы мүмкін деп ойладым. Мен "егер олар бөлмелерді аралап жүріп, менің қоңырау шалып, телефонмен сөйлесіп отырғанымды көріп қойса не болады" деп ойладым. Сөйтіп шкафтардың артында бір бұрышта "полиция келгенше күте тұрсам қайтеді" деп ойлап отырдым", – деді жәбірленушілердің бірі.

Алайда телеарна тілшілерінің мәліметінше, бойжеткен қауіпсіз жерде тығылып, полицияның келгенін күтіп отыра алмаған. Оның айтуынша, Мурадов банкте әлі адамдар бар екенін білген және қызметкерлердің бірін қорқытып, қалғандарын да алдына әкелуін талап еткен.

Кейін ол бойжеткендердің бірін өзінің барлық талабын қағазға жазғызып, оны полицияға беруге мәжбүрлеген.

"Сол сәтте полиция келген. Ол талаптарын қағазға жазып беруін сұрап, оған айқайлап, агрессия көрсеткен. Ол "неге ұқпай тұрсың?" деді. Балағат сөздер айтты. Әрине ол (әйел - ред.) сасқалақтап қалды. Қағазды беріп, ішке қайта оралып отырды. Яғни ол (бөлімшеден - ред.) толық шыққан жоқ, қағазды құқық қорғау органдарына беру үшін кіреберісте қалдырып кетіп отырды", – деп қосты жәбірленуші қызметкерлердің бірі.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034523-nege-uqpai-tursyn-astanada-kepilge-alu-isi-boiynsa-zabirlenusiler-oqiganyn-qalai-bolganyn-aitty/

pixel