Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыркүйектің алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көшеде шайтанарбамен кетіп бара жатқан адам
Алматы күзі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 31 тамыз бен 1,2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжануда.

Сонымен қатар солтүстікте түнгі уақытта ауа температурасы +5..+10 градус, күндіз +10...+18 градус жылы болады.

Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Сондай-ақ күндіз ауа температурасы біртіндеп +25...+30 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034558-qyrkuiektin-algasqy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel