jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қостанай облысында көбік кешіндегі жағдайдан соң екі шенеунік қызметінен босатылды

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында көбік кешінде қыз баланы тоқ соққаннан кейін аудан әкімдігінің екі жауапты қызметкері жұмыстан босатылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін Қостанай облысында көбік кешінде 9 жасар қызды тоқ соққан болатын. Оның жағдайы аса ауыр деп бағалануда.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, аталған іс-шараны аудан әкімдігінің тапсырысымен жеке кәсіпкер ұйымдастырған. Қайғылы жағдайдан кейін полиция тергеу жүргізуде. Оның нәтижесінде кінәлілер анықталатын болады.

"Бұған дейін облыс әкімі бұқаралық іс-шаралар кезінде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін айтқан болатын. Қайғылы оқиғаға байланысты Ұзынкөл ауданының әкімі тиісті бақылаудың жоқтығы үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар әкімдік тарапынан шараны ұйымдастыруға жауапты аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы қызметтерінен босатылды", - деп хабарлады облыс әкімдігінен NUR.KZ тілшісіне.

Айта кетсек, зардап шеккен қыздың ата-анасы президент пен Денсаулық сақтау министрлігіне үндеу жасап, қалаға білікті дәрігерлерді жіберуді сұрады. Өйткені қызды басқа қалаға тасымалдау мүмкін емес екен.

Денсаулық сақтау министрлігі 29 тамызда Астана Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығы мен Жедел медициналық жәрдем ұлттық үйлестіру орталығымен телемедицина сессиясы өткенін хабарлады.

30 тамызда Астанадан республикалық мамандар (реаниматолог, нейрохирург) бетпе-бет кеңес алу және баланың жағдайын бағалау үшін өңірге ұшып барған.

Қостанай облысында көбік кешіндегі жағдайдан соң екі шенеунік қызметінен босатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.