Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мегаполистерінде жаздың соңғы күні ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: Pexels

Синоптиктер жаздың соңғы күні, 31 тамызда еліміздің ірі қалаларында қандай ауа райы күтілетінін болжады. Бүгінгі ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Күндіз ауа температурасы +21...+23 градус жылы болса, түнде +14...+16 градусқа төмендейді. Күндіз жел жылдамдығы 3-8 м/с шамасында болса, найзағай кезінде жел екпіні 13 метр секундқа дейін күшейеді деп күтілуде.

Жаздың соңғы күні Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бейсенбіде елордада күндіз +16...+18 градусқа дейін суытады, түнде термометр +8...+10 грдусқа дейін төмендейді. Сонымен қатар қалада жел 9-14 м/с-ке дейін күшейеді, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

31 тамызда Шымкентте де жауын-шашын түседі. Сондай-ақ найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтілуде. Қалада күндіз ауа температурасы +20...+22 градусты көрсетсе, түнде +11...+13 градусқа дейін төмендейді. Қаладағы жел жылдамдығы 8-13 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034601-qazaqstannyn-megapolisterinde-zazdyn-songy-kuni-aua-raiy-qandai-bolady/