Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада бүгіннен бастап бірден екі жаңа автобус бағыты іске қосылады

Опубликовано:

Астана көшесіндегі көліктер
Астана көшесіндегі көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 31 тамызда Астанада №49 және №57 бағыттағы екі жаңа автобус іске қосылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Telegram-дағы ресми арнасында.

№49 жаңа бағдары "Көктал-2" - "Ұлы дала даңғылы" бағытында қатынайды және "Көктал-1", "Көктал-2" тұрғын алаптары, "Көктал" саябағын "Жағалау" тұрғын алабымен байланыстырады.

"Ш.Айтматов, Сығанақ көшелеріне, Қабанбай батыр даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартып, "Dastur", "Home Land", "Athletic city" ТК тұрғындарын көліктік қызметпен қамтамасыз етеді. Бағдар бойынша 12-15 минуттық арақашықтықпен 10 автобус жүреді", - делінген хабарламада.

№57 автобус бағдары - Төле би көшесі мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалы" арасында қатынайды.

Орталық мәліметінше, бұл Төле би көшесіне қызмет көрсетуге, А.Байтұрсынов көшесіне, Қошқарбаев даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартуға № 92 мектеп пен Айнакөл көшесі, "Хабар" ТК арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге, Ы. Алтынсарин атындағы Бином мектебіне қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, №40 бағдардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Бағдар бойынша 10 автобус 10-15 минуттық арақашықтықпен жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034604-astanada-buginnen-bastap-birden-eki-zana-avtobus-bagyty-iske-qosylady/

pixel