jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жетісу облысында лауазымды шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

    Антикор қызметкері ақша санап тұр
    Антикор қызметкері ақша санап тұр. Фото: t.me/antikornews

    Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаменті басшысының заңсыз қызметін тоқтатты. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.

    Агенттік ақпаратынша, шенеунік медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензия беру жөніндегі қызметін жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде.

    Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

    Ведомствода департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайтыны атап өтілді.

    Сондай-ақ Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлады.

    Антикор Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын еске салды.

    Жетісу облысында лауазымды шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.