Көз жұмған адамның атында болған көліктің салығын кім төлейді
Жарияланған күні:
Өмірден өткен адамның атында болған көліктің салығын кім төлейді? Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында жауап берді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, байланыс орталығына (1414 нөміріне, қосымша нөмірі 3) күн сайын азаматтардан қоңыраулар келіп түседі.
Солардың бірі көлік салығына қатысты сұрақ.
"Автокөлікті өз атыма аударайын дегенмін, бұрынғы иесі қайтыс болған. Бұрынғы иесінің көлік салығы бойынша берешектері бар болып шықты. Көлік салығы бойынша қарыз бен өсімпұлды кім және қалай төлеуі керек", - деп сұраған тұрғындардың бірі.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салық берешегін мұрагер (мұрагерлер) мұрагерлік мүліктің құны шегінде және оны алған күнгі мұрадағы үлеске сәйкес төлейді.
"Жеке тұлға қайтыс болған күні немесе оны соттың шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған күні пайда болған салық берешегі төленеді. Бұл жағдайда өсімпұлды есептеу жеке тұлғаның қайтыс болған күніне дейін жүргізіледі", - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034703-qaitys-bolgan-adamnyn-atynda-bolgan-koliktin-salygyn-kim-toleidi/